Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді
ашық дереккөзі
171
Қазақстан конькишілер федерациясы сайтындағы мәліметке сәйкес, ел біріншілгі Алматыда қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді. Жарысқа 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жастар қатысады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР чемпионаты көрермендерсіз өтеді. Сондай-ақ залдарға спортшыларға ілесіп келген жақын адамдар жіберілмейді. Әрбір спортшыда коронавирусқа ПТР-тесті туралы анықтама (мерзімі 72 сағаттан аспаған) болуы тиіс. Жарыс бағдарламасы: 14-15 желтоқсан - жаттығу 16 желтоқсан - жаттығу, жеребе 17 желтосан - жаттығу, жарыс 18 желтоқсан - жаттығу, жарыс, марапаттау.

Серіктес жаңалықтары