Шымкенттік жерлесіміз Грекияның ең жас депутаты

Шымкенттік жерлесіміз Грекияның ең жас депутаты

Шымкенттік жерлесіміз Грекияның ең жас депутаты
ашық дереккөзі
203
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Грекия парламенті мүшелерінің арасында ең жас депутат Мария Апатзидимен кездесті, – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. Әңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму келешегін талқылады. Елші грек депутатын елімізде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси реформалармен, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларымен, сондай-ақ 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Мәжілістің кезекті сайлау алдындағы науқан барысымен және оның ерекшелігімен таныстырды. Өз кезегінде М.Апатзиди Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық диалог арқылы жандандыру қажеттімен келісті. Депутат екі ел арасында туристтер алмасуын кеңейтудің жоғары әлеуетіне назар аударды. Сонымен қатар, депутат екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі бастамаларды қолдауға өзінің ынталы екенін білдірді. Айта кетейік, М.Апатзиди Шымкент қаласының тумасы. Кездесу соңында тараптар байланысты жалғастыруға уағдаласып, кең ауқымды мәселелер бойынша Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстардың келешегін белгіледі.

Серіктес жаңалықтары