"Жұрттың семіз деп сөккенін қаламаймын": Тайсон екі ай сайын жекпе-жекке шықпақшы

"Жұрттың семіз деп сөккенін қаламаймын": Тайсон екі ай сайын жекпе-жекке шықпақшы

"Жұрттың семіз деп сөккенін қаламаймын": Тайсон екі ай сайын жекпе-жекке шықпақшы
ашық дереккөзі
284
Америкалық боксшы Майк Тайсон әр екі ай сайын жекпе-жек өткізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MMA Fighting. Спортшы бұрын жылына 15 жекпе-жек өткізгенін еске алып, осы көрсеткішке ұмтылатынын, десе де, өз мүмкіндіктерін асыра бағаламайтынын жеткізген. Сондай-ақ, Тайсон жұрттың оны семіз немесе нашақор деп сөккенін қаламайтынын атап өткен. Еске сала кетейік, бұған дейін Майк Тайсон Рой Джонспен жекпе-жегі алдында есірткі қолданғанын мойындаған еді. Спортшы есірткіден бас тартуға ниетті емес екенін атап өтті, өйткені оның залалы жоқ деген пікірде. Тайсон мен Джостың кездесуі 29 қарашада өтті. Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы мен бес салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионының жекпе-жегі екі минуттан сегіз раундқа ұласты.  Кездесу қорытындысы бойынша екі спортшы тең түсті. Алайда бұл шешіммен Майк Тайсон да, Рой Джонс та келіспейді. Екі боксшы да өздерін «мен жеңдім» деп санайды. Майк Тайсон 2005 жылы спорттық мансабын аяқтағалы бері ешқандай жекпе-жек өткізбеген еді. Алайда ол сәуір айының соңында кәсіби рингке қайта оралып, қайырымдылық турнирлерін өткізуге ниетті екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары