«Өз-өзімді тоқтата алмаймын»: Тайсон Джонспен жекпе-жегі алдында есірткі қолданғанын мойындады

«Өз-өзімді тоқтата алмаймын»: Тайсон Джонспен жекпе-жегі алдында есірткі қолданғанын мойындады

«Өз-өзімді тоқтата алмаймын»: Тайсон Джонспен жекпе-жегі алдында есірткі қолданғанын мойындады
ашық дереккөзі
Америкалық боксшы Майк Тайсон отандасы Рой Джонспен жекпе-жекке шығар алдында марихуана қолданғанын мойындады. Спортшының сөзін New York Post жариялады. «Әрине, мен жекпе-жек алдында есірткі шектім. Өз-өзімді тоқтата алмаймын», - деді 54 жастағы боксшы. Тайсон есірткіден бас тартуға ниетті емес екенін атап өтті, өйткені оның залалы жоқ деген пікірде. «Бұл менің өз қалауым,  мұны түсіндіру мүмкін емес.  Бұл тоқтамайды»,  - деді спортшы. Еске сала кетейік, Тайсон мен Джостың кездесуі 29 қарашада өтті. Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы мен бес салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионының жекпе-жегі екі минуттан сегіз раундқа ұласты.  Кездесу қорытындысы бойынша екі спортшы тең түсті. Алайда бұл шешіммен Майк Тайсон да, Рой Джонс та келіспейді. Екі боксшы да өздерін «мен жеңдім» деп санайды. Майк Тайсон 2005 жылы спорттық мансабын аяқтағалы бері ешқандай жекпе-жек өткізбеген еді. Алайда ол сәуір айының соңында кәсіби рингке қайта оралып, қайырымдылық турнирлерін өткізуге ниетті екенін жеткізді.