Майк Тайсон мен Рой Джонс тең түсті. Екі боксшы да нәтижемен келіспейді

Лос-Анжелесте өткен аты аңызға айналған боксерлер Майк Тайсон мен Рой Джонстың арасындағы жекпе-жек жеңімпазы анықталған жоқ.

Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон мен бес салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы Рой Джонс арасындағы бокс  екі минуттан сегіз раундқа ұласты.  Кездесу қорытындысы бойынша екі спортшы тең түсті. Алайда бұл шешіммен Майк Тайсон да, Рой Джонс та келіспейді. Екі боксшы да өздерін «мен жеңдім» деп санайды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі бұл жекпе-жекте Тайсонның жеңгені туралы жазуда.

Айта кетсек, екі боксшы да аталған кездесуден кейін 1 млн доллардан гонорар алады.

Back to top button