Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды
ашық дереккөзі
403

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке компанияның қызметкерлері 3 күн бойы мұздың қатуы салдарынан жағалауға жете алмаған., - деп хабарлайды Lada.kz порталына сілтеме жасап turkystan.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 қарашада "Металлист Р" ЖШС-ның 7 қызметкері жағалаудан 11 шақырым жердегі "Нехти" теңіз кемесін утилизациялау бойынша жұмысты жүргізу үшін "Арман БК" ЖШС кен орнына қарай "Байда" моторлы қайығымен теңізге шыққан. "Теңіз жағалауында мұздың қатуы салдарынан "Металлист Р" ЖШС қызметкерлері 3 тәулік бойы жағалауға шыға алмаған. Маңғыстау облысы ТЖД ақпаратынан кейін зардап шеккен Қазақстан азаматтарын құтқару жұмысы ұйымдастырылды. Бұл жұмысқа Ақтау әуе базасынан Ми-8 тікұшағы тартылды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, оқиға орнына 6 құтқарушы, арнайы техника жіберілді. "Осылайша 29 қарашада шамамен кешкі сағат 19.00-де 7 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендердің барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жылы киім мен тамақ берілді", - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары