"Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған" Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды

"Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған" Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды

"Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған" Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды
ашық дереккөзі
228

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды. Себебі Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алты мұғалімі мен 22 оқушысына Соvid-19 диагнозы қойылды. Осыған байланысты аудан орталығы - Ақтоғай ауылының кіреберіс жолдарына санитарлық бекет орнатылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап turkystan.kz сайты.

Ауылда моншалар, шаштараздар, қоғамдық тамақтану объектілері, спорт құрылыстары, тігін ательесі, шиномонтаж, ТҚС, сондай-ақ мешіт пен шіркеу қызметі тоқтатылды. Мұндай шешімді ауданның бас санитарлық дәрігері қабылдады. - Соңғы күндері Қайырбаев атындағы мектепте алты педагог және 22 оқушыдан алынған ПТР тест оң нәтиже көрсетті, - деп түсіндірді аудан әкімінің орынбасары Бибігүл Оспанова. - Бір мұғалім Павлодар қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қалған мұғалімдер мен балаларда ауру асимптоматикалық болып табылады және олар амбулаториялық ем алады. 17 бала кезекші сыныптарда, бесеуі қашықтықтан оқыды. Осыған байланысты аудан орталығының екі мектебі онлайн оқытуға көшірілді, балабақшадағы кезекші топтар жабылды. Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың) қызметіне 9:00-ден 16:00-ге дейін, азық-түлік дүкендеріне 9:00-ден 19:00-ге дейін, азық-түлік емес дүкендерге - 10:00-ден 15:00-ге дейін, ХҚКО бөлімшелеріне, "Қазпошта" АҚ-ға, "Халық Банк" АҚ-ға сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін рұқсат етілген. Азық-түлік емес тауарлар дүкендері демалыс және мереке күндері жабылады. Бұдан басқа, авариялық қызметтерді, жол жөндеу қызметтерін, полицияны, медицина қызметкерлерін және тіршілікті қамтамасыз ететін басқа да ұйымдарды қоспағанда, ауыл тұрғындары арасында сағат 21:00-ден кейін қозғалыс шектелген. Ақтоғай ауылында санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, такси қызметі жұмыс істейді. Аудан орталығында 4251 адам тұрады.

Серіктес жаңалықтары