"Екі адам тірідей өртеніп кетті" Шығыс Қазақстан облысында өрт шықты

"Екі адам тірідей өртеніп кетті" Шығыс Қазақстан облысында өрт шықты

"Екі адам тірідей өртеніп кетті" Шығыс Қазақстан облысында өрт шықты
ашық дереккөзі
512

Шығыс Қазақстан облысында егде жастағы ер адам мен әйел өз үйінде өрттен көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша өртке сөндірілмеген темекі себеп болған, деп хабарлады өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті.

Белоусовка елді мекеніндегі Мир көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шыққаны туралы ақпарат дүйсенбі күні таңертең түскен. Құтқару бөлімшелері келген кезде төбе жабыны, қабырға, жиһаз, тұрмыстық техника және жеке заттар жанып жатқанын көрген. Өртеніп жатқан үйден өрт сөндірушілер 1948 жылы туған ер адам мен оның өзімен жасты әйелінің мәйітін тапты. Құтқарушылар үйден екі газ баллонын шығарды. Өртті жеке құрамның тоғыз адамы мен бес арнайы техника сөндірді. Жалын 70 шаршы метрді аумаққа шарпыған. Алдын ала мәлімет бойынша өрт сөндірілмеген темекіден шыққан, деп атап өтті ТЖД. Ведомство жыл басынан бері жеке тұрғын үй секторында өрттен 46 адам көз жұмғанын хабарлады. Қайғылы оқиғаларға көбіне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болады.

Серіктес жаңалықтары