Димаштың анасы қазыларға өкпесін ашық айтты...

Димаштың анасы қазыларға өкпесін ашық айтты...

Димаштың анасы қазыларға өкпесін ашық айтты...
ашық дереккөзі
252

Отандық тележоба "Егіз лебіз" бағдарламасына қатысып бақ сынап жатқан Димаштың анасы Светлана Айтбаева қазыларға өкпесін ашық айтты.

Оның бұлай ренжуіне қазылар алқасының мүшесі, әнші Ақжол Мейірбековтың, халықтың сүйікті актрисасы Жұлдызай Дүйсенбиеваны "Танымаймын" деген сөзі себеп болған көрінеді. Светлана Айтбаева: "Құрметті әділ-қазылар алқасы! Тек қана саханада өнер көрсететін, "Егіз лебізге" қатысып жатқан жұптар ғана емес, сіздер де дайындалып келіңіздер! Кімдер қатысып жатқанын біліңіздер" деді. Әншінің бұл сөзін оның бағдарламадағы жұбы Асхат Маемиров та қолдап, "Жұлдызайды танымай қалу ұят" дейді. Актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның өзі де Ақжол Мейірбековтың бұл сөзіне таң қалғанын оның жүзінен байқауға болады. Өйткені талай концерттер мен тойда бірге болғанын айтқан актриса "Бәлкім солай айтуы керек болған шығар" дейді.

Серіктес жаңалықтары