"Өзін балағаттаған ұлынан анасы кешірім сұрады" Ұлы ақыры түрмеге түсті

"Өзін балағаттаған ұлынан анасы кешірім сұрады" Ұлы ақыры түрмеге түсті

"Өзін балағаттаған ұлынан анасы кешірім сұрады" Ұлы ақыры түрмеге түсті
ашық дереккөзі
277

Сотта жалған куәлік еткені үшін шартты түрде сотталып, Атырау қалалық пробация қызметінің есебіне алынған 38 жастағы қала тұрғыны анасына балағат сөз айтқаны үшін түрмеге қамалды. Ал анасы бұлай боларын мүлдем қаламаған еді деп хабарлайды turkystan.kz сайты АқЖайық сайтына сілтеме жасап.

38 жастағы Дәурен (аты өзгертілді) 2018 ҚР ҚК 420-бабы (Көрiнеу жалған айғақ беру) бойынша 5 жылға шартты түрде сотталған. Ажырасқан, әке-шешесімен тұрады. Ішкілікке құмар жігіт түнгі уақытта үйінде болмай, кейде пробацияға белгіленуге келмеген – бұл заңды өрескел бұзу. Ал өткен аптада үйіне мас болып келіп, анасын балағаттаған. Анасы полиция шақырған. Бірақ бұл қоңырау жалғыз ұлын түрмеге апаратынын анасы білмеген еді. Атырау қалалық пробация қызметінің хабарлауынша, Дәурен осыған дейін бірнеше рет шартты жаза режимін бұзған. Бұл әрекеті «соңғы тамшыға» айналып, шартты түрдегі жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру жөнінде сотқа ұсыным жіберілген. Сотқа Дәуреннің 70-тен асқан анасы қатысты. Ол ұлының түрмеге отыратыны үшін өзін кінәлап, сотта көз жасын тия алмады. - Сот болатынын білмедім. Жалғызым, қолқанатым, отбасымыздың асыраушысы еді. Сот, баламды кешіріңізші. Енді ол түзеледі. Осылай боларын білгенде ешкімге хабарласпайтын едім ғой. Төсектен тұра алмайтын әкесін жуындыратын, тырнағын алатын осы – Дәуренім. Енді олсыз қалай күн көреміз? – деп анасы ағыл-тегіл болып жылады. Сот отырысында Дәурен анасының жанында отырса да жақ ашпады. Ал соңғы сөзінде: «Иә, кінәмді мойындаймын» деді. Сот оның қалған шартты мерзімін қауіпсіздігі орташа мекемеде (жалпы режимдегі колони) өтеуге кесті. Сот үкімінен кейін ол: - Мама, сен не істедің? Сенің кесіріңнен түрмеге бара жатырмын енді! Қалағаның осы ма?- деді. - Кешір, балам, білмедім ғой, білмедім! Кешірші мені! Осыдан соң Дәуренді алдымен тергеу изоляторына, кейін колонияға апару үшін «автозакка» отырғызды. Көліктің артынан анасы жүгіріп шығып: - Балам, сен шыққанша әкең екеуміз о дүниелік болып кетеміз. Мені кешірші, білмей қалдым. Кешірдің бе? Баласы үн қатпай, автозактың тезірек жүруін сұрады. Міне, осындай хикая.   Фархат ӘБІЛОВ Суретті түсірген автор

Серіктес жаңалықтары