Жаңа жылды атап өтуге рұқсат беріле ме? – ресми орын жауап берді

Жаңа жылды атап өтуге рұқсат беріле ме? – ресми орын жауап берді

Жаңа жылды атап өтуге рұқсат беріле ме? – ресми орын жауап берді
ашық дереккөзі
216
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау комитеті тәуелсіздік күні мен жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік кештерді өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 «Карантиндік шектеулер мен оларды сатылай жеңілдету» туралы қаулысына сәйкес, мерекелік кештер мен ауқымды іс-шараларды өткізуге тыйым салынады» делінген ресми орган жауабында. Яғни, алдағы тәуелсіздік күні мен жаңа жылды мерекелеуге қатысты ауқымды іс-шараларды өткізуге рұқсат жоқ. Мұндай шектеулерге коронавирустың таралуына байланысты еліміздегі ахуалдың әлі де күрделі болып тұрғандығы себеп болып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, өткен тәулікте (25 қарашадағы дерек бойынша) Қазақстанда 820 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Жалпы, еліміз бойынша осы уақытқа дейін 128 400 адам COVID-2019 індетімен ауырған.

Серіктес жаңалықтары