«Бұл қай дәу?». Sulpak-тың қожайыны Сұлтанғазин жайлы не білеміз?

«Бұл қай дәу?». Sulpak-тың қожайыны Сұлтанғазин жайлы не білеміз?

«Бұл қай дәу?». Sulpak-тың қожайыны Сұлтанғазин жайлы не білеміз?
ашық дереккөзі
1089

23 қарашада Алматыдағы Sulpak сауда үйінің жанында жайқалып тұрған 9 емен мен 4 қарағаш бір түнде кесілген болатын. «Қызыл кітапқа» енген ағаштардың заңсыз кесілуі ел арасында наразылық тудырып, мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына іліккен еді деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының рұқсатын алмай "қызыл кітапқа" енген ағаштардың заңсыз кесілгеніне тек алматылықтар ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы наразылық білдіріп жатыр. Расында әкімдіктің рұқсатын керек етпейтін, заңға да пысқырмайтын, Президенттің де ескертуіне құлақ аспайтын бұл не қылған жүрек жұтқан компания? Қожайыны кім? Интернеттегі ашық дерек көздеріне сенсек, Sulpak Сұлтанғазин мен Пак фамилиялы кәсіпкерлердің 1992 жылы құрған сауда желісі («Arena S» ЖШС). Қазіргі кезде Қазақстан мен Қырғызстанның 55-тен астам қаласы мен елді мекенінде жұмыс істейді. Барлығы желіде 151 сауда нүктесі бар, оның 9-ы 2019 жылы ашылды. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылдан бастап компания электроника және тұрмыстық техника саудасына мамандандырылған еуропалық сатып алушы Euronics кооперативінің мүшесі болды. Sulpak-та өзінің тәулік бойы жұмыс істейтін HiTechnic сервисі бар. Компания ұсынған мәліметтерге сәйкес, «Arena S» ЖШС-нің басиесі Алмас Сұлтанғазин болып табылады. Forbes-тың Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің тізіміне кіретін Алмас Сұлтанғазин Андрей Пакпен бірге Sulpak тұрмыстық техника және электроника дүкендер желісінің негізін қалаған. Сондай-ақ ол Arena S ЖШС мен Alser сауда желісінің мажоритарлы иесі. Оның Sulpak Cinema ЖШС (Warner Bros., Universal және Paramount Pictures-тің Қазақстандағы өкілдігі), High Tech Commerce ЖШС мен ABE Media жарнама агенттігінде үлесі бар. Сонымен қатар кәсіпкердің атында бірнеше шаруа қожалықтары тіркелген. Алмас Сұлтанғазин – академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің ұлы. Әкесі тәрізді ғылымда жетістікке жетпесе де, А.Сұлтанғазиннің бизнесте аты шыққан. А.Сұлтанғазин мен оның әріптесі Андрей Пактың аты-жөні атышулы оффшор құжаттарында да аталады. Зерттеуші журналистердің халықаралық консорциумы жасаған Offshore leaks базасында Алмас Сұлтанғазин мен әріптесі Андрей Пак Balzar Limited компаниясының иелері ретінде көрсетілген. Владимир Пак есімді адам бұл компанияның директоры.

Серіктес жаңалықтары