"Статистикаға 100 науқас енбей қалды" Әкім Тоқаевтың сынына жауап берді

"Статистикаға 100 науқас енбей қалды" Әкім Тоқаевтың сынына жауап берді

"Статистикаға 100 науқас енбей қалды" Әкім Тоқаевтың сынына жауап берді
ашық дереккөзі
251

Жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өңірлерде коронавирус індетіне қатысты 100 науқас жалпы статистикаға енбей қалғанын мәлімдеген болатын. Осы даулы мәселеге байланысты Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеме жасады деп хабарлайды turkystan.kz порталы.

Ермек Маржықпаев: "Президенттің сыны орынды. Шындығына келсек, біздің облыстық санитарлық-эпидемиялық қызметте небәрі 12 адам істейді. Жаппай ауру деректері болған кезде, біз мәліметтерді өңдеп үлгере алмай жатамыз. Өкінішке қарай, осындай жағдайлар бар. Жалпы статистикаға 100 науқас енбей қалды. Қазір бәрі дұрысталды", - деді Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында. Әкім өз сөзінде Ақмола облысы "қызыл" аймақта тұрғанын еске салды. Мәліметке сүйенсек облыста, коронавирус жұқтырғандар саны 4 950 адамға жеткен, күндізгі өсім – 65-70 адам. Әкімнің пікірінше, бұл көрші өңірлерден халықтың көптеп келуімен байланысты көрінеді. Еске салсақ, жуырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа да облыстар коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталғанын мәлім еткен болатын.

Серіктес жаңалықтары