413
Құны 4 миллион теңге тұратын маска сатылымға шықты
Құны 4 миллион теңге тұратын маска сатылымға шықты

Пандемия басталғалы бетперде (маска) тағу күнделікті дағдымызға айналды. Қазір кез келген қоғамдық жерде маска тағу міндетті талап болып отыр. Мұны сәнгерлер де тиімді пайдаланып, масканың түр-түрін шығарып жатыр. Біреулер пандемиядан шашетектен шығынға батып жатса, енді бірі осылайша пайда көріп отыр.
Мәселен, жапондық сәнді бұйымдар дүкені әйелдер үшін қымбат тастармен көмкерілген масканы сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.
«Ондағы мақсат – індеттен әбден зәрезап болған жұрттың көңілін көтеру болатын» дейді сәнгерлер.
Сонымен, 7 карат гауһар тастары мен 300 Swarovski кристалдарымен көмкерілген масканың құны – 9600 доллар (шамамен 4 миллион теңге). Сатушылар мұндай масканы алам деушілерге әлемнің кез келген жеріне жеткізіп бере алатынын айтады.
