Түркістан облысында жөндеуден өткен жолдар сапасыз – Жемқорлыққа қарсы агенттік

Түркістан облысында жөндеуден өткен жолдар сапасыз – Жемқорлыққа қарсы агенттік

Түркістан облысында жөндеуден өткен жолдар сапасыз – Жемқорлыққа қарсы агенттік
ашық дереккөзі
256
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданыда жуырда ғана жөнделген жолдар сапасыз болып шықты. Мұндай кемшіліктер Боралдай ауылы тұрғындарының арыз-шағымы негізінде жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында анықталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өңірде жаңадан төселген жолдардың сапасына кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл шара барысында Боралдай ауылына қарасты Батыршаев, Жамбыл, Жұмаділ көшелері мен Ақжар ауылына баратын автомобиль жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі бақыланды. Жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы жаңадан төселген асфальт бетон жамылғысынан кесінді сынамалар алынды. Бір күндік бақылау жұмыстарының нәтижесінде Боралдай ауылдық округі, Ақжар ауылына баратын автомобиль жолдың асфальт бетон жамылғысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Жолдың екі шетіне тас төселмегені және су ағатын құбырларға бетон құйылмағаны, ойық шұңқырлар талапқа сай жамалмау деректері белгілі болды. Жаңадан салынған жолдан бірқатар ақаулар байқаған сала мамандары анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, компания басшыларына қайта жөндеуден өткізу бойынша ұсыныстарын білдірді. Айта кетейік, Агенттіктің бастамасымен Түркістан өңірінде қолға алынған «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында облысқа қарасты барлық қала/аудандара төселген жаңа жолдардың сапасы мен қауіпсіздігіне апта сайын тұрақты негізде бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Серіктес жаңалықтары