221
Ақмола облысында карантин шаралары күшейді, екі қала жабылды
Ақмола облысында карантин шаралары күшейді, екі қала жабылды
Ақмола облысының бас санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы кезекті Қаулысы шықты.
Жаңа Қаулы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзарту және жеңілдету ықтималдығымен 2020 жылғы 28 қараша күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Оған сәйкес:
• жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет;
• Көкшетау қаласы (Красный Яр ауылы, Чайкино, Станционный кенттерінің), Степногорск қаласының аумағы бойынша жүріп–тұруды сағат 21:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеледі. Ақмола облысының қалған елді мекендеріндеі жүріп-тұру сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеледі;
• отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;
• облыс тұрғындарының қоғамдық тамақтану объектілерінде (отбасылық, естелік іс-шаралар (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға), сондай-ақ үйде ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға баруына тыйым салынады;
• азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алуға, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда, 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйлерінен шықпауға кеңес беріледі;
• әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беріледі;
• жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейді;
• Көкшетау, Степногорск қалаларының карантиндік аймақтарына/аймақтарынан азаматтардың кіруіне/шығуына тыйым салынады;
• Көкшетау, Степногорск қалаларын қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға/қалаға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат беріледі;
• санитариялық бекеттерден (жол парақтарын, жұмыс нарядтарын, жоспар–тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен кезде) мына тұлғаларға кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етіледі:
- жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары; вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көлік құралдары; COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларына тартылған көлік пен адамдар, ұйымдар;
- тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар (оның ішінде жабдықтарды баптау бойынша сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар), көлік пен адамдар, ұйымдар;
- «SSTOPCORONA.KZ» сайтында тіркелген, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 30 тәуліктен аспаған анықтама болған жағдайда Ақмола облысында тұрмайтын тамақ өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, көлік пен адамдар;
- құқық белгілейтін құжаттарды ұсынған кезде қала сыртындағы үйлерге (саяжайларға) бару үшін тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);