Карантин кезінде Қазақстанға заңсыз кіріп-шыққандарға дәрігерлер жалған анықтама беріп отырған – ҰҚК

Карантин кезінде Қазақстанға заңсыз кіріп-шыққандарға дәрігерлер жалған анықтама беріп отырған – ҰҚК

Карантин кезінде Қазақстанға заңсыз кіріп-шыққандарға дәрігерлер жалған анықтама беріп отырған – ҰҚК
ашық дереккөзі
257
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері карантин кезінде Қазақстан аумағына заңсыз кіріп-шыққандарды анықтады, Бұл туралы Tengrinews.kz агеттігі комитеттің сайтына сілтеме жасап хабарлады. ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаменті "Ж" жеке медициналық орталығының еліміздің шекарасын өту үшін жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындысын жасап, сатқанын әшкереледі. «Биыл 18 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары кезінде жалған ДКК қорытындысын сату фактісі расталып, аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті дәлелденді. Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындысы, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленіп алынды», - дейді комитеттегілер. Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, экспертизаға жолданды. ҰҚК мәліметінше, медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жалған ДКК қорытындыларын сатып отырған. Сонымен қатар, шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда, аталған қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланған. «Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаменті ҚР Қылмыстық Кодексінің 385 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады. Олардың әрқайсысына 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары