354
23 жасар атыраулық қыз Instagram арқылы полиция қызметкерлерін балағаттаған
23 жасар атыраулық қыз Instagram арқылы полиция қызметкерлерін балағаттаған
Атырауда мас күйінде көлік жүргізген 23 жастағы қызды ұсталды.
«24 қараша күні 01:35-те Баймұханов көшесінде орналасқан «Магнит» сауда үйі маңында Hyundai маркалы автокөлік тоқтатылды. Аталған көліктен шыққан жолаушы Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, заң талаптарына бағынудан бас тартқан», – деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес 1997 жылы туған азаматша орташа дәрежелі алкогольдік мас күйінде болған.
Қызға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667 бабы 1 тармағы «Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысы бойынша оған ескерту жасалды.
Ал 1989 жылы туған көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ жүргізушінің осыған дейін төленбеген 50 004 теңге көлеміндегі 3 айыппұлы бар екені анықталып, осыған байланысты автомобиль айыптұраққа қойылды.