Дәрігерлер қатерлі ісікті тамақтанып отырғанда анықтаудың жолын айтты

Дәрігерлер қатерлі ісікті тамақтанып отырғанда анықтаудың жолын айтты

Дәрігерлер қатерлі ісікті тамақтанып отырғанда анықтаудың жолын айтты
ашық дереккөзі
330
Рой Касл қорының зерттеушілері қатерлі ісікті тамақ ішіп отырғандай анықтауға болатынын айтты, деп хабарлайды Express. 

Дәрігерлерлің сөзінше, дисфагия немесе тағамды жұту кезіндегі қиындықтар өкпенің қатерлі ісігі белгілерінің бірі болуы мүмкін. Зерттеушілер дисфагия кезінде ауырсыну мен қыжыл да болатынын атап өтті. Мамандардың айтуынша, өкпенің қатерлі ісігі әдетте тым кеш анықталады. Ісік үлкейіп, науқаста жайсыздық пайда болғанша дерт жайлы күдік болмауы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дәрігерлер ауыз қуысы қатерлі ісігінің алғашқы белгілері туралы айтқан. Мамандардың сөзінше, бұл дертке шалдыққан адамның тілінде, беті мен ернінің ішкі жағында қызыл және ақ дақтар мен түйіндер пайда болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары