Газ баллондарынан мүлде бас тарта алмаймыз – Энергетика министрі

Газ баллондарынан мүлде бас тарта алмаймыз – Энергетика министрі

Газ баллондарынан мүлде бас тарта алмаймыз – Энергетика министрі
ашық дереккөзі
201
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев газ баллондарынан мүлде бас тарту мүмкін емес екенін айтты. «Газ баллондарынан мүлде бас тарта алмайтын шығармыз. Шалғай ауылдар, кейбір мекемелер әлі күнге дейін осы газ баллондарын пайдаланып отыр. Жақында Нұр-Сұлтанда болған жарылысты, қайғылы жағдайды меңзеп тұрған боларсыздар. Қаза тапқан жанның отбасына көңіл айтамын. Құзырлы органдар оқиғаның себебін анықтай жатар» деді Н.Ноғаев. Энергетика министрі кез келген газ құрылғымен жұмыс істеу қауіпті екенін айтты. «Газ қолданылатын кез келген техникалық құрылғыны пайдаланғанда асқан сақтық пен жауапкершілік қажет» дейді министр.

Серіктес жаңалықтары