Маңғыстау ауданында «Елбасы және тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өтті

Маңғыстау ауданында «Елбасы және тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өтті

Маңғыстау ауданында «Елбасы және тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өтті
ашық дереккөзі
214

Маңғыстау аудандық С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайдың қызметкерлері «Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының жанынан құрылған Саяси кеңес мүшелерімен кездесу өткізді.

Жиын басында мұражай маманы Жұбаназаров Ұлықбек «Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында баяндама жасады. Кездесу барысында тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы бағытында ашық әңгіме өрбіді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеріміздің тұтастығын сақтап, ел іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп, күрмеуі қиын шақтарда өзіне сенім артқан жұртын берекелі бірлік пен өркениетке бастады. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш ретядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз аударған болатын. Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманымен мақсаты орындалды. Қазақстанды дамыған әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халық үшін еткен қызметі ерен. Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміз өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып келе жатырғаны барша халыққа аян. Биыл ауданымызда көптеген жұмыстар қолға алынды. Аудан көлеміндегі барлық елді мекендер интернет желісіне қосылды, ауылішілік асфальт жолдар салынып, көшелер жарықтандырылды. Мектеп, ауруханалар жөндеуден өтіп, халық игілігіне беріліп келеді. Осының бәрі – Тәуелсізеліміздің қарыштап дамып, Елбасы мен Президентіміздің жыл сайынғы халыққа жолдаған Жолдауларының сөзжүзінде емес, іс пен қызметінің дәлелі», – деді «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева.

Серіктес жаңалықтары