"Гриль ішіне тыққан": Түрмеге телефон өткізбек болған шымкенттік ұсталды

"Гриль ішіне тыққан": Түрмеге телефон өткізбек болған шымкенттік ұсталды

"Гриль ішіне тыққан": Түрмеге телефон өткізбек болған шымкенттік ұсталды
ашық дереккөзі
214
Шымкентте түрмеге сәлемдеме арқылы телефон өткізбек болды, деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 (қауіпсіздігі барынша жоғары) әйелдер түрмесінде 21 қарашада келіп түскен сәлемдемелерді тексеру кезінде, мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған «Samsung» маркалы қара түсті ұялы телефон мен сим-картаны піскен тауықтын (гриль) ішіне жасырып, кіргізбек болған. Бұл заттарды Шымкент қаласының тұрғыны қамауда отырған азаматшаға жеткізбек болған. Ол өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары