Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды
ашық дереккөзі
Автор
Админ
1091
Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды,-деп хабарлайды turkystan.kz "КТК" арнасы таратқан ақпаратқа сүйеніп. Ақтөбеде 17 жастағы қыз және 18 жастағы жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды. 21 қараша күні Ақтөбе қалалық Полиция басқармасы Жедел басқару орталығына қала тұрғыны хабарласып, қызының жоғалып кеткенін айтқан. Ал 22 қарашада сағат 7:00-де қаладағы 11-ықшамауданда орналасқан №112 «В» үйінің ауласынан екі жас адамның мүрдесі табылған. Тексеру кезінде оның бірі жоғалған 17 жастағы қыз және оның 18 жастағы досы екендігі анықталды. Қазіргі күні суицид себептерін анықтау бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-тармағы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді. Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, жасөспірімдер арасындағы суицидке, көп жағдайда, жауапсыз махаббат, ата-анасымен немесе құрдастарымен болған жанжал, жалғыздық себеп болып жатады.

Серіктес жаңалықтары