Facebook АҚШ президентінің аккаунтын Байденге тапсыратынын мәлімдеді

Facebook АҚШ президентінің аккаунтын Байденге тапсыратынын мәлімдеді

Facebook АҚШ президентінің аккаунтын Байденге тапсыратынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
225
Facebook компаниясы Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трамптың пікіріне қарамастан АҚШ президентінің Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарын ұлықтау рәсімі өтетін күні Джо Байденге тапсырады, деп хабарлайды Reuters "2017 жылы біз Обама әкімшілігімен де, Трамп әкімшілігімен де жұмыс істеп, 20 қаңтарда ресми аккаунттардың жаңа президентке кедергісіз берілуін қамтамасыз еттік. Біз бұл жолы да істемекпіз", - деді компания өкілдері. Елдің өзге де ресми тұлғаларының аккаунты, атап айтқанда, @VP (вице-президент), @FLOTUS (АҚШ-тың бірінші ханымы), @whitehouse (Ақ үй) да жаңа президент әкімшілігіне тапсырылады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дональ Трамп сайлауда Джо Байденді жеңудің жолын тапқанын мәлімдеген. Трамптың сөзінше, оның қолында дауыс беру кезіндегі заңбұзушылықтар жайлы деректер жеткілікті. Сол деректер арқылы ол кем дегенде төрт штаттың қорытындысын өзгерте алатынын, нәтижесінде жеңімпаз атанатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары