270
21 желтоқсанда орта ғасырлардан бері болмаған астрономиялық құбылыс болады
21 желтоқсанда орта ғасырлардан бері болмаған астрономиялық құбылыс болады
АҚШ-тың Райс университетінің ғалымдары 21 желтоқсанда күн батқаннан кейін Юпитер мен Сатурн планеталары бір-біріне өте жақын қашықтыққа жылжитынын болжады.
Зерттеушілердің бірі Патрик Хартиганның сөзінше, бұл планеталардың бір-біріне жақындауы шамамен 20 жылда бір рет болатын құбылыс. Алайда дәл мұндай жақындыққа жылжуы орта ғасырлардан бері болмаған. Бұл туралы phys.org-тың баспасөз хабарламасында айтылған, деп жазады РИА-Новости.
Ғалымдардың айтуынша, ауа-райы қолайлы болса, бұл құбылысты Жердің кез келген аймағынан байқауға болады. Дегенмен экватор маңында тұратындарға тіпті ерекше көрінбек.