Жүздеген адамның мүрдесі тоңазытқышта сақталып тұр
2020 жылғы сәуір айында Нью-Йорк штатында коронавирус үдеген уақытта қайтыс болған адамдардың мүрдесі әлі күнге дейін ішінде тоңазытқыш орнатылған жүк көлігінде сақтаулы. Бұл туралы
Daily Mail хабарлайды.
Бруклин жағалауына тұрақтаған жүк көліктерінде 650-ге жуық адамның мүрдесі сақталған.

Нью-Йорк қаласы ресми өкілдерінің айтуынша, қайтыс болғандардың басым көпшілігінің туған-туыстары табылмаған немесе жақындары жерлеу рәсіміне жеткілікті қаражат таба алмаған.