200
Еуропалық олимпиада комитетінің басшысы ұсталды
Еуропалық олимпиада комитетінің басшысы ұсталды
Еуропалық олимпиада комитетінің басшысы (ЕОК), ХОК атқару комитетінің мүшесі және Ирландия ҰОК президенті Патрик Хиккиді бразилиялық полиция Риода Олимпиада-2016 билеттерін заңсыз сатқаны үшін тұтқынға алды.
ESPN хабарына қарағанда, Хиккиге жақын тағы үш адам ұсталған.
Бұған дейін сот ирландиялық THG компаниясының төрт бастығын ұстауға үкім шығарған еді. Компания Олимпиада-2012 кезінде Халықаралық олимпиада комитетінің әріптесі болған еді. Күдікке іліккендер арасында ағылшын миллионері Мартин Стадд және THG қожайыны Маркус Эванс та бар.
Ирландия мен Бразилиядағы тінту жұмыстары барысында желі өкілдерінің билеттерді заңсыз сатқанын дәлелдейтін айғақтар табылған.