231
42 500 теңге: Қазақстандықтардың жеке дерегі жиналып жатқаны рас па?
42 500 теңге: Қазақстандықтардың жеке дерегі жиналып жатқаны рас па?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қоспағанын мәлімдеді.
Ведомство белгісіз адамдар азаматтарға әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-бот іске қосылғаны туралы ақпарат фейк екенін хабарлады.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды", - делінген хабарламада.
Министрлік қазақстандықтардан фейкке назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұрайды.
Ведомство жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын еске салды.