Емтихан тапсыруға мектепке кеткен қыз 9 жылдан кейін Алматыдан табылды

Емтихан тапсыруға мектепке кеткен қыз 9 жылдан кейін Алматыдан табылды

Емтихан тапсыруға мектепке кеткен қыз 9 жылдан кейін Алматыдан табылды
ашық дереккөзі
385
Маңғыстау облысында 9 жыл бұрын үйінен мектепке емтихан тапсыруға шығып, сол күйі оралмаған қыз Алматыдан табылды. 2011 жылы хабар-ошарсыз кеткен қыздың жасы ол кезде 16-да болған. Ата-анасы оны қайтыс болды деп ойлаған. Қызды Мұнайлы ауданы полициясының қызметкерлері іздеп тапқан деп жазады tumba.kz сайты. «Қанша уақыт өтсе де, іс жабылмайды. Жоғалғандарды іздеу жұмысы ештеңеге қарамастан жалғаса береді. Кейде із-түссіз кеткендерді 12, тіпті 15 жылдан кейін табатын кездер болады. Міне, бұл қыз да енді табылып отыр,  ата-анасы оны көз жұмды деп ойлаған», - дейді полиция өкілі. «Қалай жоғалған, қайда жүрген?» деген сауалға полициядан: «Тексеріс барысында анықталғандай, ол мектеп емтиханын тапсыра алмағандықтан, үйіне баруға ұялған. Сөйтіп, мүлде басқа қалаға кетіп қалуға шешім қабылдапты», - деп хабарланды. Тоғыз жылдан кейін үйіне оралған қыз қазір ата-анасымен бірге.

Серіктес жаңалықтары