Елбасы Польша, Сербия және Қытайға барады

Елбасы Польша, Сербия және Қытайға барады

Елбасы Польша, Сербия және Қытайға барады
ашық дереккөзі
255
Қазақстан Президенті 22 тамыз - 5 қыркүйек аралығында бірнеше мемлекетке сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, 22-23 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев Президент Анджей Дуданың шақыруымен Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысуы көзделген. 23-24 тамызда Қазақстан Президенті ресми сапармен Сербия Республикасына барып, онда Президент Томислав Николичпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербияның екіжақты қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылайтын болады. Нұрсұлтан Назарбаев 1-5 қыркүйек аралығында ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G-20 Саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына сапармен барады. Сапар барысында Мемлекет басшы ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, онда Астана мен Бейжің ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Саммит аясында делегациялар басшыларымен бірқатар келіссөздер өтпек.

Серіктес жаңалықтары