257
Балқаштан 650 келі балық аулаған браконьердің ісі тергеуге жіберілді
Балқаштан 650 келі балық аулаған браконьердің ісі тергеуге жіберілді
Алматы облысында Балқаш көлінен 650 кг балық аулаған браконьер ұсталды.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы бір апта ішінде тәртіп сақшылары браконьерлерден 800 келіден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі.
ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі тегеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген балықты заңсыз аулау дерегі бойынша Жамбыл ауданы Үлкен кентінің 36 жастағы тұрғынынан құқық қорғау органдары моторы бар пластик қайықты, 1000 метр мононитті Қытай желілерін, 79 кг балық тәркіледі.
Аталған қылмыстық іс сотқа жолданды. Сондай-ақ, Балқаш ауданының Қарой ауылында 52 жастағы жергілікті тұрғыннан 650 кг балық тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.