COVID-19: Германия вакцинациялауды тездету үшін зейнетке шыққан дәрігерлерді жұмысқа тартпақ

COVID-19: Германия вакцинациялауды тездету үшін зейнетке шыққан дәрігерлерді жұмысқа тартпақ

COVID-19: Германия вакцинациялауды тездету үшін зейнетке шыққан дәрігерлерді жұмысқа тартпақ
ашық дереккөзі
263
Германия 2021 жылдың алғашқы толқынында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады. Ел азаматтарына BioNTech пен Pfizer компаниялары бірлесе әзірлеген екпе салынбақ.  Бүгінде Германияда дайындық қызу жүріп жатыр. Ел бойынша 60 екпе егу орталығы ашылады. Билік вакцинациялау ісін жылдамдату үшін зейнетке шыққан мамандарды да тартуға ниетті. Вакцина бірінші кезекте қарт кісілер мен созылмалы аурулары бар азаматтарға егіледі. Содан кейін дәрігерлер, полицейлер, өрт сөндірушілер мен мұғалімдерге салынады. Ел үкіметі вакцинаның 200 млн дозасын сатып алуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты Германияда тоңазтқыш шығарушы фирмалардың өнімдеріне сұраныс күрт артқан. Binder компаниясының вице-президенті Петер Виммердің сөзінше, екпе сақтайтын тоңазытқыш қондырғысы температураны 75-90 градусқа дейін ұстап тұруы қажет. Өйткені коронавирусқа қарсы вакцина өте суық жағдайда сақталуы тиіс. Бұған қоса қондырғы жақсы оқшаулануы қажет. Мәселен, сыртта +25 болса да, ол қажетті температураны ұстап тұруға қауқарлы болуы шарт. Еске сала кетейік, Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасы қорытынды зерттеуден өткен соң препараттың тиімділігі 95%-ға артқан еді. Бастапқыда бұл көрсеткіш 90% болатын.

Серіктес жаңалықтары