357
Қазақстанда электр қуаты өшірілді
Қазақстанда электр қуаты өшірілді
Қазақстанның алты облысында және Алматы мен Шымкентте жаппай жарық сөнді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Энергетика министрлігі бүгін, 20 қарашада Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында жарық сөнгенін хабарлады.
Бұл Қызылорда L-2019 әуе желісінің SAON әсерінен тоқтатылуына байланысты орын алды. Нәтижесінде Оңтүстік аймақ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінен бөлініп шықты.
Алдын ала ақпарат бойынша, 500 кВ электр беру желісінің тоқтауы және SAON-тың әрекеті Орталық Азияның біртұтас энергетикалық жүйесіндегі қуаттың өсуіне байланысты болды.
- «KEGOC» Жүйелік операторы Ұлттық диспетчерлік орталығының алдын-ала ақпараты бойынша, лимит 871,9 МВт құрады. Техникалық персоналдың тиімді жұмысының арқасында қазіргі уақытта барлық шектеулер алынып тасталды , - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Бірақ, қазіргі уақытта электр энергиясы қайта қалпына келтірілді.