757
Қандастар квотаға қанша теңге алады?
Қандастар квотаға қанша теңге алады?
Шетелден көшіп келетін этникалық қазақтарға мемлекеттен бір реткі берілетін квотаның көлемі бұрынғы мөлшерден едәуір азайды.
Қазақстанда қандастарды қабылдаудың биылға арналған өңірлік квотасы Үкіметтің қаулысына сәйкес, 1 378 адамға берілмек. Өткен жылы 2 031 адамға квота бөлінген болатын.
«2020 жылы квота былайша бөлінді: Павлодар облысы бойынша – 500 адам, Қостанай облысы – 350, Ақмола облысы – 258, Шығыс Қазақстан облысы – 150 және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 120» делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.
Қазақстанға келген қандастарды қолдау ретінде субсидия бөлінеді. Тарихи Отанына көшіп келген отбасының әр мүшесіне 35 АЕК (84,2 мың теңге) мөлшерінде біржолғы төлем, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығысты жабуға 12 ай ішінде отбасына 15-тен 30-ға дейінгі көлемде АЕК (36,1-ден 72,2 мың теңге) беріледі.
Бақыт БЕКОВ