"Егемен Қазақстанда" – жаңа бас редактор

"Егемен Қазақстанда" – жаңа бас редактор

"Егемен Қазақстанда" – жаңа бас редактор
ашық дереккөзі
428
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің отырысында қабылданған шешім негізінде Амантай Шәріп бас редактор болып тағайындалды. Бұрын осы қызметті қоса атқарып келген Басқарма төрағасының орынбасары Еркін Қыдыр енді газеттің жалпы шығармашылық жұмыстарына басшылық жасайтын болды. Амантай Жарылқасынұлы елімізге белгілі басылымдарда жұмыс істеген, жоғары оқу орындарында проректор, ұлттық телеарнада басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Сондай-ақ бүгін шығармашылық ұжымға жауапты хатшы қызметіне тағайындалған Асқар Беков те таныстырылды. Ол «Дала мен Қала», «Айқын» газеттерінде жауапты қызметтер атқарған. Әріптестерімізге шығармашалық табыс тілейміз!  

Серіктес жаңалықтары