Нұр-Сұлтанда пойыз отқа оранды

Нұр-Сұлтанда пойыз отқа оранды

Қазіргі уақытта магистралды желі бөлімінің комиссиясы тексеріс жұмыстарын бастады.

Әлеуметтік желілерде отқа оранған  видеосы тарап жатыр. Видео Нұр-Сұлтанда түсірілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 қараша сағат түнгі 3.11-де хабар түскен. Кемеңгерұлы, 9/8 мекенжайында «Ақмола магистралды желі бөлімінің» №18-ші пойызы өртеніп жатқаны айтылған.

Төтенше оқиға орнына жеке құрамның 15 қызметкері мен 3 техника жетті. №50 теміржол жолында аумағы 50 шаршы метр болатын қосымша вагон-ресторан жанып жатқаны анықталды.

Жалын платформада тұрған №Т-330 тракторының кабинасына ауып кетті.

Өрт сағат 04.22-те ауыздықталды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

«Жолдар мен байланыс құралдарына зақым келген жоқ. Пойыздар уақытылы қатынауда», – деді «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта магистралды желі бөлімінің комиссиясы тексеріс жүргізе бастады. Оған астаналық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысады.

Back to top button