241
Жамбыл облысында КСРО құжатымен жүрген 33 адам анықталды
Жамбыл облысында КСРО құжатымен жүрген 33 адам анықталды
Жамбыл облысының полицейлері Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық мәртебесі жоқ 172 адамды анықтады.
«Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы және ҚР ІІМ нұсқауларын орындау аясында жергілікті полиция қызметінің және көші-қон басқармасының қызметкерлері бірқатар жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын уақтылы ауыстырмаған адамдарды анықтауға бағытталған-ды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, аулаларды аралау және ел аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына қатыстылығының дәлелі жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған өзге де шаралар барысында 172 адам анықталды. Оның ішінде 33 тұлға – КСРО паспорты бойынша, 68-і – басқа құжаттар бойынша, 22-сі құжаттары жоқ, 30-ы шет мемлекеттің азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ деп танылған тұлға ретінде анықталған», – делінген ведомство хабарламасында.
Бұл жұмыстардың барысы Жамбыл облысы ПД басшылығының тұрақты бақылауында.