2014-2020 жылдары 1008 нысанды сату жоспарланып отыр

2014-2020 жылдары 1008 нысанды сату жоспарланып отыр

2014-2020 жылдары 1008 нысанды сату жоспарланып отыр
ашық дереккөзі
243

2014-2020 жылдарға арналған кестеге сәйкес, 1008 нысанды сату жоспарланып отыр. 2014 жылдың маусымы мен 2016 жылдың тамызы аралығында 519 нысан жекешелендіруі тиіс.

2016 жылдың 16 тамызындағы жағдай бойынша іс жүзінде 489 нысан саудаға шығарылды, оның 292-сі сатылды: республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 143, ӘКК - 78, холдингтер бойынша – 52.

Сонымен, ҚР Қаржы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық бюджетке 6 994 млн теңге, облыстық бюджеттерге 4 685 млн теңгеден астам, холдингтерге 67 416 млн теңге, ӘКК-ге 6 201 млн теңге қаражат түсті.

Республикалық меншік бойынша

  2014-2020 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 65 нысан жекешелендіріледі. 2014 жылдың маусымы мен 2016 жылдың тамызында 27 нысанды сату жоспарланған. Осы жылдың 16 тамызындағы жағдай бойынша 27 нысан сауда-саттыққа шығарылды, оның 19-ы сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

 2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 493 нысан сатылуы керек. 2014 жылдың маусымы - 2016 жылдың тамызы аралығында 252 нысан жекешелендіріледі. 16 тамыздағы жағдай бойынша 244 нысан сатуға шығарылды, оның 143-і сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша

2014 -2020 жылдарға арналған сату кесте бойынша 167 нысан сатылуы тиіс. 2014 жылдың маусымы - 2016 жылдың тамызы аралығында 104 нысан жекешелендіріледі. Іс жүзінде 98 нысан сатуға қойылды, 78 нысан сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

2014 - 2020 жж. арналған сату кестесі бойынша 283 нысан жекешелендіруге жатады, 16 тамыздағы жағдай бойынша жоспарланған 136 нысанның 120-сы саудаға шығарылды, оның 52-сі сатылды.

   

Серіктес жаңалықтары