Канада коронавирусқа қарсы вакцинаны кедей елдерге үлестірмек

Канада коронавирусқа қарсы вакцинаны кедей елдерге үлестірмек

Канада коронавирусқа қарсы вакцинаны кедей елдерге үлестірмек
ашық дереккөзі
238
Канада үкіметі коронавирусқа қарсы вакцинаны кедей елдерге үлестіру жолдарын қарастыруда, деп хабарлайды Reuters. Шара вакциналарды сатып алудың жаһандық алаңы болып табылатын халықаралық COVAX Facility қоры арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұдан бөлек, Канада билігі дозаның бір бөлігін гуманитарлық көмек ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы таратуды жоспарлауда. Канада – әлем бойынша вакцинаның ең көп дозасын сатып алған мемлекет. Ел үкіметі бұған дейін індетке қарсы екпеге қол жеткізу үшін AstraZeneca, Novavax, Johnson & Johnson, Pfizer, Moderna, Sanofi және GSK (GlaxoSmithKline) сияқты компаниялармен келісімшартқа отырған. Бүгінде мемлекет вакцинаның 300 млн-нан астам вакцина дозасына тапсырыс беріп үлгерген. Айта кетейік, бұдан бұрын АҚШ-тың Moderna компаниясы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі 94,5%-ға бағаланғанын хабарлағанбыз. Ал Pfizer және BioNTech компаниялары әзірлеген вакцина қорытынды зерттеулерден соң 95% тиімділігін көрсетті.

Серіктес жаңалықтары