Праймеризде жеңіске жеткен нұротандық Қосшыдағы жағдайды өз бақылауына алды

Праймеризде жеңіске жеткен нұротандық Қосшыдағы жағдайды өз бақылауына алды

Праймеризде жеңіске жеткен нұротандық Қосшыдағы жағдайды өз бақылауына алды
ашық дереккөзі
195
Nur Otan партиясының праймеризіне қатысушы билеуші партияның Партиялық бақылау комиссиясымен бірге Қосшы ауылындағы жағдайға байланысты отырыс өткізді. Тиісті бақылау жүмыстары жүргізілмегені үшін Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қанат Ағзамұлын «сөгіс» түрінде партиялық жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды. Жақында Целиноград ауданы Қосшы ауылының көппәтерлі үйлерінің тұрғындары пәтерлердегі электр энергиясының өшуіне байланысты жолдағы көлік қозғалысын тоқтатты. Ауыл тұрғындары жарық беру жүйесінде үнемі іркіліс болуына, сондай-ақ электр энергиясын тұтыну бойынша тарифтің жоғарылығына шағымданды. Олар тұратын үй құрылыс салушының балансында болғандықтан, заңды тұлғаларға бекітілген тарифтермен есептеледі. Осы мәселені шешу үшін Ақмола облысынан «Nur Otan» партиялық тізіміне Мәжіліске кандидат және өңірлік праймериз жеңімпаздарының бірі Павел Безвербный Целиноград аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясымен бірлесесе отырып жиын өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті бақылау жұмыстары жасалмағаны үшін  Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қанат Ағзамұлын «сөгіс» түрінде партиялық жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары