Қорғаныс – елдің сесі мен сұсы

Қорғаныс – елдің сесі мен сұсы

Қорғаныс – елдің сесі мен сұсы
ашық дереккөзі
796
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде еліміздің эко­номикасы айтарлықтай дамып, өмірі­міз­де елеулі өзгерістер болды. Қазақстан өркениет көшінде кейін қалмай, дамыған елдер қатарына қо­сылу барысында үлкен жолдан өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты нәтижесінде әлем таныған, мойындаған тәуелсіз еліміз өркені өсіп, жаңа биік белестерді бағындыруды мақсат етіп отыр. Қарулы Күштердің алдында үлкен міндеттер тұр. Жыл сайын паркімізді әскери техниканың соң­ғы үлгілерімен белгілі деңгейде жаңар­тып келеміз. Бұл процесс енді бір 8-9 жылда Қарулы Күштерімізді әлемдік озық негізгі әскери күштер та­лаптарына сай толығырақ жарақ­тан­дыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде мына бір жайға назар аудару ке­рек. Әлемнің бірде-бір елінің армиясы қазіргі заманғы әскери техникамен 100 пайыз қамтамасыз етілмеген. Өйткені әр техниканың белгілі уа­қытта ауыстырылуға тиісті өмір сүру циклі болады. Мерзімі келгенде конструкторлар оларды одан әрі же­тілдіру, қуатын арттыру бағытында жұ­мыс­тар жүргізеді. Сол тұрғыдан кел­генде біздің Қарулы Күштерімізде де стратегиялық маңызды көрсет­кіш­тер үнемі анықталып отырады. Мәселен, әлемдік әскери қару нарығындағы өзгерістерді, соң­ғы кездерде әр жерде болып жат­қан соғыстар мен қарулы қақты­ғыс­тарды зерттей отырып, Қорғаныс ми­­­нистрлігінде, Бас штабта осы негіз­гі көрсеткіштерді ұдайы үйлес­тіріп отыруға назар аударылады. Ал бұл Қарулы Күштеріміз ең озық әс­кери техникамен жарақтандырыла береді деген сөз. Мемлекет тарапынан әс­ке­ри­лер үшін барлық жағдай жа­салған. 2017-2019 жылдар аралы­ғын­да әскери қызметшілердің көп­те­ген категориясы мен олардың сыныбы бойынша еңбекақы көтеріліп, әскери ұшқыштардың жалақысы екі есеге өскен.  Әскери қызметшілердің мем­лекет есебінен ақшалай үлеспен, зат­тай мүлікпен, тамақпен, меди­циналық қамтамасыз етумен және қыз­мет кезеңінде тұрғын үймен қам­тамасыз етілу құқықтарына ке­піл­дік берілгені заңда ашық жазыл­ған. Офицерлер арасында тұрғын үй төлемдеріне қаражат бөлу оң әсер ту­дырды. Тек соңғы 3 жылда қай­та­ла­ма нарықта 3 410 пәтер сатып алын­ды және «Нұрлы жер» бағдар­ла­малары бойынша 9 283  тұлғаға арнайы шот ашылды, барлық бағдарла­ма бойынша әскери қызметшілерге 182,5 миллиард теңгенің банктік несиелері берілді, 92,7 миллиард тең­ге депозиттерге ( жеке қаражат + 68,7 млрд теңгеге тұрғын үй төлем­дері) аударылған. Дегенмен де 37 мың әс­кери қызметші тұрғын үйге мұқ­таж ретінде кезекте тұр. Оларда ай сайын тұр­ғынүй жинақ қорларында бола­шақ­та алатын үйлеріне қаржыларын жинақтауда. Сонымен қатар шалғай аудандарда әскери қызметшілердің әйел­дері көбіне жұмысқа тұра алмай­ды, бұл отбасының материалдық жағ­дайына да әсер етіп, жағдайды қиын­датады. Аймақтарда тұрғын үй тө­лемдерінің біркелкі емес есебі әс­кери қызметшілерді «пайдалы орта­лық аймақтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына» қызметке ауыс­тыруға лоббизм жасау арқылы сы­байлас жемқорлық, құқық бұзу­шы­лықтарға негіз тудыруы мүмкін екенін атап өткім келеді. Біз Қазақ­стан­дағы тұрғын үй төлемдерінің орта­ша мөлшерін белгілеу туралы мәсе­лені күн тәртібінде қарастыру қа­жет деп санаймыз, тек тұрғын үй­дің нарықтық бағасы орташа дең­гейден жоғары болатын Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларын қос­пағанда орташа бағамын тауып есеп­теу қажет.  width= Қарулы Күштер бөлімдері үне­мі түрлі деңгейде оқу-жат­­тығулар өткізіп, әскери шеберлігін, кәсіби біліктілігін көтеріп отырады. Әскері қуатты ел алаңсыз өмір сү­реді. Бүгін Қазақстан Қарулы Күш­тері сол тұрғыда жан-жақты жетілдірілу  даму үстінде. Әскердегі азаматтардың әлеу­меттік жағдайын жақсарту, олардың елге алаңсыз қызмет етуі үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызу басты парызымыз деп есептеймін. Осы орайда армияға келетін болсақ, мем­лекет бізге шынында да қам­қор­лық жасап келеді. Еңбек министр­лігінің биыл 1 қыркүйектегі есебі бойын­ша әскери қызметшілердің ең­бек сіңірген жылдары үшін зей­нета­қы төлемдерін алушылардың са­ны 105 331 адам болса, еңбек сіңір­ген жылдары үшін зейнетақының ор­таша мөлшері 133 352 теңге екен. Қа­зіргі уақытта зейнетақы заңнама­ла­рын жетілдіру аясында әскери қызметшілерге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, оларға 2016 жылы ­және одан кейін тағайын­дал­ған зейнетақы төлемдерін ұсыну,  же­тілдіру мәселелері үнемі жұмыс то­бы отырыстарында көтеріліп қа­рас­тырылуда. Мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдік қарастырылған, пә­тер мәселесі шешімін табуда. Әс­ке­ри қызметкерлер мен олардың отбасы мүддесі әлеуметтік жағынан ай­тар­лықтай қорғалған деп толық ай­туға болады. Оған жыл сайын әскерге барғысы келетін жастардың күзгі-көк­темгі шақыруларынан көз жет­кізу­ге болады. Мен барынша зейін қойып жүрген тағы бір мәселе – Қарулы Күштер қатарынан босаған зейнеткерлер мен әскерилердің отбасында жанұяның алтын қазығы болған әскерилердің жұмыссыз отырған жолдастарының әлеуметтік жағынан қорғалуын жоғары мінберлерден айтып та жүрмін. Бұл да күн тәртібінен түспейтін өзекті іс болуы керек. Ауған соғысында интернацио­нал­дық борышын өтеп қайтқан жауынгерлер, Тәжік – ауған шекарасын­да­ғы қақтығыстарға қатысқан азаматтар Ұлы Отан соғысы ардагерлері­мен теңестірілген. Меніңше, олар­ды да соғысқа қатысқандар ретінде мәр­тебесін айқындау керек. Осындай мәселелерді шешу үшін бірқатар шара атқаруға тура келеді. Депутат ре­тіндегі парызым – осы және Қару­лы Күштер өміріне қатысты басқа да толып жатқан істерді саралап, тиісті заңдарға өзгерістер енгізуге атсалысып, қолдан келген жұмыстарды өз деңгейінде атқару. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бүкіл әлемге қауіп төн­діретін пандемиямен күресті жал­ғастыру кезінде адамдардың  қауіп­сіздігін тұрақты және жанқияр­лықпен қамтамасыз еткен дәрігер­лерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қыз­меткерлерге ерекше алғысын білдірді. Сарбаздар мен офицерлер отан­дастарының игілігі жолында нағыз әскери ерліктің үлгісін көрсетті. Мем­лекет басшысы әскери қыз­мет­шілерге арнаған сөзінде армияның ір­ге­тасы қатаң тәртіпке, ұлттық қауіп­сіздікті сақтауға бағытталған дара басшылыққа негізделіп, күш құры­лымдарында алдыңғы сапта жұ­мыс жүргізетін әскери тәрбие­ші­лердің жеке құраммен жүргізетін бел­гілі бір тәрбиелік шаралардың са­пасын арттыруды тапсырды. Пре­зи­дентіміз атап өткендей, армияны және әскери қызметшілерді әлеу­мет­тік қолдау мәселелері әрдайым Мем­лекеттің басты назарында болатынын атап өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың маусым айында өткен бесінші рес­пуб­ликалық «Айбын» әскери-пат­риоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сө­зінде елімізде жас қазақстандықтар арасында патриотизмді қалыптас­тыруға және тәрбиелеуге үлкен мән берілетінін атап өтті. Мемлекет басшысы өмірдегі ең басты нәрсе адам­ның әдептілігі, білімі, жоғары кәсі­би­лігі және өз Отанына деген адалдығы екенін атап өтті. Бүгінгі таңда әскери-патриот­тық тәрбие мектептегі бастап­қы әскери дайындық сабақтарынан басталып, жоғары оқу орындарында­ғы әскери кафедраларда, сондай-ақ әскери оқу орындарында жалғасады. Бірақ біздің ойымызша, бұл жұ­мыс мектепке дейінгі жас­та басталуға тиіс және оны Қорға­ныс министрлігі ғана емес, сонымен қа­тар Білім және ғылым, Ақпарат және қо­ғамдық даму министрліктері, сон­дай-ақ қоғамдық және азаматтық инс­титуттарды тарта отырып, басқа да күш құрылымдарымен бірлесе  жүр­гізулері керек. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараты бойын­ша 2019-2020 жылдары ке­шен­ді ұйымдастыру іс-шаралары мен әскери-патриоттық тәрбиені дамы­туға 2019 жылы 5 235 000, 2020 жы­лы 3 568 350 теңге бөлінді. Бұл сома ау­қымды идеологиялық жұмыс жүр­гізу үшін бөлінген өте аз сома. Мектепке дейінгі білімнен бас­тап жоғары білім беруді қоса алғанда, білім берудің әртүрлі кезеңдерінде әскери-патриоттық тәр­биенің арнайы көп деңгейлі бағ­дарламасын әзірлеу қажет. Аталған бағ­дарлама қазіргі уақытта ақпарат­тық-коммуникациялық технологиялар мен жаһандық ақпараттық кеңіс­тікке тәуелді балалар мен жас­тардың дүниетанымындағы заманауи үрдістерді ескеруі керек. Өздеріңізге мәлім, оқушылар мен студенттер ұзақ уақыт­тан бері қашықтан білім беру жүйесі бойынша білім алуда. Осы уақыттың өзі әскери-патриоттық тәрбие беру үшін пайдаланылуға тиіс. Қазіргі уа­қытта ақпараттық кеңістікті, әлеу­мет­тік желілерді пайдаланып, жастар қа­­былдай алатын және оларға қы­зық­ты болатын контент жасау қажет. Кі­ші жастағы балалар үшін Отан қор­­­ғаушы батырлар туралы мульт-фи­льм­­дер түсіріп, тақырыптық ко­микс­тер шығару керек, сондай-ақ әскери сипаттағы компьютерлік ойын­дар құрастырып, жастар ара­сын­да беделді отандық инфлюенсерлерді тарту арқылы тақырыптық реалити-шоулар түсіруі қажет. Жастардың сарбаздармен және офицерлермен белсенді кездесулерін өткізу, бастапқы әскери дайындық сабақтары үшін әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа әдістемелерін әзірлеу, «Қазақстан тарихы» пәні шеңберінде әскери-патриоттық тарихи парадигманы атап көрсету, Қарулы Күштердегі қызметке үгіттеу мен насихаттауды бел­сенді түрде жүргізу қажет, өйткені біз­де психологиялық және мораль­дық тұрғыдан дайын болмау себебінен мерзімді әскери қызметке ша­қыру­дан жалтару әлі де өткір мәселе болып тұр. Әскерге шақырылатын жас­тармен үгіт-насихат жұмыс­тарын жүргізуге, әскери-патриоттық рухты, мәдениетті және ұлттық тарихты, ұлт батырлары, өз ісінің хас шебері бола білген көрнекті тұлғалар туралы насихаттау жұмыстарына көп көңіл бөлу керек. Мемлекеттік ор­гандардың басты міндеттерінің бірі ретінде әскери-патриоттық тәр­бие беру жұмысын жүргізу жөніндегі міндетті заңнамалық тұрғыдан бе­кітіп міндеттеу қажеттілігі күн тәр­тібінде өзекті болып қала береді. Осы жылдың соңына дейін «Әскери-патриоттық тәр­бие­нің кешенді бағдарламасын» қа­был­дау жоспарланып отырғанын атап өткім келеді. Жастарымыздың қай-қайсы­сының кеудесінде елім, жерім деген намыс оты жанып тұруы керек. Ол үшін балабақша, мектеп, жоғары оқу орны, жұмыс орны, әскер болсын, қай жерде де отаншылдық, туған жерге деген сүйіспеншілік тұр­ғысында жұмыстар жүргізілуі тиіс. «Мен патриотпын, сен де патриот бол» деп ұрандата бергеннен ешкім патриот бола алмайды. Өз сезі­мің­ді дәлелдеудің салалары бар. Қа­зір жаугершілік замандағыдай, қолға най­за алып, ұрыс алаңына аттанып кетудің қажеті жоқ. Бүгінгі күні сен сол сезіміңді өнегелі, саналы, дені сау ұрпақ тәрбиелеумен көрсетуің қажет. Тағы бір бағыты – өз тарихыңды бес саусақтай білу керек. Өзім тарихшы емеспін. Бабаларымызды зерттеу жолына түскенім «Алтайдан Алатауға дейінгі шекараны алып жатқан кең дала бізге қалай келді?» деген сауалдан басталды. Сонда деректерді парақтап отырып бабаларымыздың ел, жер үшін соғыстан көз ашпағанын тү­сінесің. Мысалы, «Елім-ай» әнін алар болсақ, 3 383 шумақтан құрыл­ған бұл әннің бізге тек 40 пайызы же­тіпті. Әннің мағынасына зер сал­сақ, сөздерінде тұнып тұрған тарих бар. Әйтпесе, Ақтабан шұбырынды, Ал­қакөл сұламадан бері бірнеше ға­сыр өтіп кетті. Осы әннен айырылсақ, қа­зақ ғұмырының біраз бөлігінен айы­рылатынымызды білген ағар­ту­шы-ғалымдарымыз «Елім-айды» бүгінгі күнге жеткізді. Қазір мұнайы­мен, көмірімен, тағы басқа пайдалы қазбасымен мақтанатын ұрпақ пайда болған. Ал олар Менделеев кестесіндегі барлық элементі бар дархан даланың бүгінге дейін қалай жеткенін білмейді. Бірнеше ғасыр былай тұрсын, кешегісін білмей жататындар да бар. Қай қызметте болсам да, осы жағына үнемі баса назар аудардым. Жас сарбаздарды бұрынғы еңіреп өткен ерлеріміз бен ел қор­ға­ған батырларымыз рухымен, Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момыш­ұлы, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қош­қарбаев, Талғат Бигелдинов, Әлия мен Мәншүк, Хиуаз апаларымыз сияқты қазақтың өзге де қайсар ұл-қыздары үлгісімен тәрбиелеу қ­а­жет. Қазір қарап отырсам, 43 жылымды әскерге арнаппын. Заң шығарушы органға келсем де, әскери саладан бір елі аттап кете ал­маған секілдімін. Өмірімнің егіз сыңарындай болды. Патриоттық сезім биік болды ма, әлде сол кездегі үгіт-насихат жұмысы мықты болды ма, әскерге деген әуестігім әуел бас­тан оянды. Қазір ойлап қарасам, жастайымнан еңбекке араласқаным өз қажетіме де жарапты. Бала болсам да, бос сенделуге уақыт бөлмеппін. Соған қарағанда әскерге бала кү­нім­нен өз бетімше дайындық жаса­ған болуым керек. Солай жасауыма еш өкінбеймін. Өмірдегі өз жолымды тауып, азамат болуыма әскери өмір­дің көп септігі тиді деп толық ай­та аламын. Қазақстан халқымен бір сап­та демократиялық, құқықтық, тәуел­сіз мемлекет құру жолымен еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлерін ұлттық рухта тәрбиелеп, Мемлекет басшысы белгілеген ба­ғыттарды негізге ала отырып елдің өркендеуі жолында өз үлесімізді қоса беремін деп сендіремін. Сөзімді қорытындылай келе, биыл 9 қазанда Мемлекет бас­шысы, Жоғарғы Бас қолбасшы Қа­сым-Жомарт Тоқаев кешенді бі­тім­гершілік оқу-жаттығуларға қа­тыса отырып, қазіргі заманғы қазақ­стан­дық армия ұлы даланың ержүрек батырларының даңқы мен жауынгерлік дәстүрлерін мұра еткенін және мұны әрқашан есте сақтау керегін атап өтті. Әскери-патриоттық тәрбиенің бас­ты міндеті – кез келген уақытта өз Отанын қорғауға және оның мүд­десі үшін қызмет етуге дайын азамат әрі патриот қалыптастыру екенін атап өткім келеді. Осы салада жүр­гізіліп жатқан барлық жұмыс осыған бағытталуы керек.  

Абай ТАСБОЛАТОВ,

«Nur Otan» партиясының мүшесі,

генерал-лейтенант,

Мәжіліс депутаты

Серіктес жаңалықтары