«Сергек» жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көлігін бірден анықтайды

«Сергек» жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көлігін бірден анықтайды

«Сергек» жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көлігін бірден анықтайды
ашық дереккөзі
5210
Елорда жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында бейнежазба функциясы кеңейтілді. Жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көлігінің нөмірі жүйеге енгізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Telegram-дағы парақшасында жазды. «Егер жолдардағы камера соңдай көлікті анықтаса, онда олардың қозғалысы туралы ақпарат бірден полиция қызметкеріне түседі. Жүйенің мүмкіндігі ағыннан «қауіпті автокөлікті» жақын маңдағы полиция бекетінен 3-6 км қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді. Әрі қарай, осындай жүргізушінің бағытын бірнеше секундқа дейін есептеуге болады», – деді Мәлика Бектұрова. Оның айтуынша, екі аптадан астам уақыт ішінде елордалық полиция алкоголь немесе есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін 108 адамды жауапқа тартты. Олардың тоғызы бұрын жол ережесін бұзған үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Серіктес жаңалықтары