Түркістанда 300-ден астам жоба қаржыландырылды

Түркістанда 300-ден астам жоба қаржыландырылды

Түркістанда 300-ден астам жоба қаржыландырылды
ашық дереккөзі
407
«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында түркістандық кәсіпкерлер қолдауға ие болды. Дағдарысқа қарсы шара ретінде қолға алынған бағдарлама арқылы биыл 262 жоба қаржыландырылған. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландырылған жобалар саны 2,7 есеге артып, Түркістан облысы бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің өндірістік қуатын сақтау және тұрақтандыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының бюджеті биыл 38 пайызға артып, жалпы құны 3,3 млрд теңгені құраған. Аталған бағдарлама аясында 400-ге жуық кәсіпорынға қолдау көрсету жоспарланған, бүгінгі таңда соның 304-і қаржыландырылған. Орын алған экономикалық қиындықтарға қарамастан, шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі 10,9 пайызға ұлғайған.

Серіктес жаңалықтары