Jas Otan жастары «Menin Armanym» акциясын бастады

Jas Otan жастары «Menin Armanym» акциясын бастады

Jas Otan жастары «Menin Armanym» акциясын бастады
ашық дереккөзі
262

Jas Otan Жастар қанатының белсенділері мен мүшелері әлеуметтік желілерде «Menin Armanym» акциясын бастады.

Акция аясында жастар өз парақшасында 10-15 жылдан кейінгі елімізді қалай көретіні туралы пост жариялапізгі тілектері туралы жазуда. Әрбір жарияланым #meninarmanym акциясының ресми хэштегімен бекітілген.

«Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, 10-15 жылдан кейін жастар қоғам мен елді қалай көретінін білу маңызды: «Көбінесе жастардың өзекті мәселелері тиісті деңгейде ашылмайды. Осындай акциялардың арқасында біз қандай өңірлерде, ауылдарда, қалаларда проблемалар бар екенін көріп отырамыз. Мәселен, мектептерді техникалық қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, интернетпен қамту және т.б. мәселелер. Мұның бәрін жастардың жарияланымынан көріп, білеміз, ескереміз және туындаған мәселелерді шешуге ықпал етеміз. Әрине, бұл жұмыс жүйелі жүргізілуде, әрқашан жастармен оффлайн және онлайн форматта кездесіп, олардың ұсыныстары мен өтініш-тілектерін тыңдауға тырысамыз. Жастардың проблемалары олардың тікелей қатысуымен шешілуі тиіс деп санаймын».

Қызылорда облысынан іс-шараның қатысушысы Дәрібай Назерке акцияның өзекті мәселелердің шешімін табатынын және жастарға армандауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Мен Қазақстанда «жасыл» экономиканың белсенді дамығанын қалаймын. Мұндай жаңғырту 2013 жылғы мамырда қабылданған «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамада жазылғанын білеміз. Құжатта «жасыл» экономика мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін маңызды екені айтылған. Мен онымен толық келісемін, өйткені «жасыл» экономика — бұл елдің дамуы ғана емес, сонымен бірге адамзаттың одан арғы тыныс-тіршілігі үшін ресурстардың сақталуы деп білемін», – дейді Назерке.

Серіктес жаңалықтары