312
Кәсіпкерлердің несие төлемі жыл соңына дейін шегерілді
Кәсіпкерлердің несие төлемі жыл соңына дейін шегерілді
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев өңірдегі кәсіпкерлердің несие төлемі жыл соңына дейін шегерілгенін айтты.
Жамбыл облысында 170 шағын және орта бизнес субъектілерінің екінші дәрежелі банктер арқылы несиелендірілген қолданыстағы 306 келісімшарты бойынша 16 156,8 млн теңге көлеміндегі несие сомалары 2020 жылдың соңына дейін шегерілді.
Аспандияр Сейсебаев болашақта мектептер мен колледждерде азаматтардың кәсіпкерлік жүргізуге қатысты сауатын арттыру үшін «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылатынын да айта кетті. Бұл салада азаматтардың сауатының аздығы саланы дамытуда шешілуі қажет басты мәселе болып отыр.
Сондай-ақ, басқарма басшысы кәсіпкерлік саласының кейінгі жылдардағы көрсеткіштеріне тоқталды.
«Жамбыл облысында соңғы 10 жылда шағын және орта кәсіпкерліктен өндірілген өнім көлемі 520,4 млрд теңге болды. Осыдан он жыл бұрын бұл көрсеткіш 3 есеге төмен, яғни 167,3 млрд теңге болатын. Соңғы 10 жылда белсенді шағын және орта кәсіпкерлер саны облысымызда 37,1 мыңнан 69,9 мыңға жетіп, екі есеге жуық өскен. Бұл саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 127,4 мың адамға жетіп отыр», – деді А.Сейсебаев.