224
2020 жылдың үздік футболшысы анықталды
2020 жылдың үздік футболшысы анықталды
Мюнхеннің «Бавариясы» мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски World Football Summit және испаниялық AS басылымының тұжырымы бойынша 2020 жылдың ең үздік футболшысы атанды.
Желі қолданушылары мен арнайы қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде футболшы командаласы германиялық Йозу Киммих пен «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиден асып түсті, деп хабарлайды vesti.kz.
Биылғы маусымда Левандовски «Бавария» үшін барлық турнирде 11 матчқа қатысып, 13 гол соқты және бес нәтижелі пас берді. Оның «Бавариямен» келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген, ал трансферлік құны 60 миллион еуроға бағаланып отыр.