Токио Олимпиадасы: ХОК атлеттерді вакцинациялау шығынын өз мойнына алады

Токио Олимпиадасы: ХОК атлеттерді вакцинациялау шығынын өз мойнына алады

Токио Олимпиадасы: ХОК атлеттерді вакцинациялау шығынын өз мойнына алады
ашық дереккөзі
254
Пандемияға қарамастан Токио Олимпиадасы енді кейінге шегерілмейді, келер жылдың шілдесінде басталады. Жапония премьер-министрі мен Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы осындай келісімге келді, деп хабарлайды Kyodo News. Төртжылдықтың дүбірлі додасы биыл жазда өтуі тиіс болған. Алайда пандемияға байланысты оны бір жылға кейінге шегеріп, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өткізу туралы шешім қабылданды. Соңғы уақытта шара тағы да кейінгі қалдырылуы мүмкін деген болжамдар көбейді. Додаға қатысатын спортшылардың қауіпсіздігіне байланысты алаңдаушылық білдіргендер де аз емес. Осы орайда халықаралық олимпиада комитеті атлеттерді вакцинациялауға қатысты шығынды өз мойнына алатынын жеткізді. ХОК басшысы Томас Бах Олимпиаданы көрерменмен өткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасамақ. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық төреші Токио Олимпиадасында қазылық жасайтынын хабарлағанбыз. Бүкіләлемдік каратэ федерациясы (WKF) Токио Олимпиадасында қазылық жасайтын үміткерлердің тізімін жасады. Ресми түрде ұсынылған 14 төрешінің қатарында Қазақстан каратэ федерациясының өкілі Асқар Молдағали да бар. Асқар Молдағали ката мен кумитэден толық лицензияға ие халықаралық дәрежедегі төреші.  

Серіктес жаңалықтары