267
Еліміздің 6 өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің 6 өңірінде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 17 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші жекелеген аумақтарда 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, екпіні кей жерде 15-20 м/с күшейеді.
17-19 қарашада Жамбыл облысында кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с артады. 17 қарашада күндіз, 18-19 қарашада тәулік бойы желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші 15-20 м/с артады.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерде тұман, жаяу бұрқасын болады.
Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі.