260
Ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын орындаумен айналысатын қор құрылды
Ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын орындаумен айналысатын қор құрылды
Қазақстанда ауыр дертке шалдыққан 3-18 жас аралығындағы балалардың арманын орындаумен айналысатын «Menin Armanym» атты корпоративті қор құрылды.
Елімізде ауыр дертке, жазылмас дертке шалдыққан мыңдаған бала бар. Олардың арасында жарық дүниемен қоштасуына санаулы жылдар, тіпті санаулы айлар қалғандары қаншама.
Бұл қайырымдылық жобасының мақсаты – ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын көзі тірісінде орындауға атсалысу.
Жоба балалардың мынадай арманын орныдауға дайын:
- «Уақытша ... болғым келеді» (ғалым, полиция қызметкері, аспаз, трактор жүргізушісі, ханшайым);
- «... барғым келеді» (зообаққа, мұражайға, басқа қалаға, театрға, телебағдарлама түсіріліміне);
- «... кездескім келеді немесе қолтаңбасын алғым келеді» (сүйікті спортшыммен, әншімен, тележүргізушімен, саясаткермен немесе басқа да танымал қазақстандық тұлғамен);
- «Атап өткім келеді» (туған күн, жаңа жыл, той).