360
2021 жылдың басты түсі таңдалды
2021 жылдың басты түсі таңдалды
2021 жылдың басты түсі ретінде Y354 Кумулус — ашық көгілдір реңк таңдалды. Келер жылдың түстік трендтерін бояу өнімдерін шығаратын фин компаниясы ұсынды, деп хабарлайды Life.ru.
— Көгілдір түс адамға үміт сыйлайды. Дәл қазір үміт — қиындықтарды жеңіп шығу үшін бізге ең қажет нәрсе. Жаңбырдан кейін күш ашылатыны секілді көгілдір түс көңілге сенімділік ұялатады, — дейді түс жөніндегі сарапшы Ирина Ханхисало.
Кумулус француз тілінен аударғанда бұлт шоғыры деп аударылады. Бұл түс адамдарды қазіргі күрделі шақта шыдамдылыққа шақырып, жақсы күннің келеріне сендіру мақсатында таңдалған. Сондай-ақ, мамандардың сөзінше, 2021 жылдың басты тақырыбы — қайта жүктеу мен қалпына келтіру.